Ссылки доступа

Одил Каюмов кім? Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Кремльден түсіндіруін талап етті


Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Федерация билігінен 19 жастағы тәжік Одил Каюмовтың кім екенін түсіндіруін талап етті.

27 шілдеде Ресейдің арнайы қызметі "Мәскеудің адам көп жиналатын ауданында" террорлы шабуылдың алдын алғанын хабарлады. Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, күдіктіні ұстау кезінде ол оқ атқан.

Оқиға орнында Калашников автоматы, үш оқсалғыш, үш граната табылғаны хабарланды. Тексеру кезінде көзі жойылған күдіктінің "Сириядағы халықаралық террористік топ эмиссарымен" байланыс орнатқаны анықталды делінеді. Күдіктінің заттары ішінен 19 жастағы тәжік Одил Каюмовтың құжаты табылған.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Ресей билігінен күдікті Каюмовты өлтіру себебін түсіндіруді талап етті. Кремль әзірге жауап бермеген.

Мәскеудегі кейбір тәжік мигранты Одил Каюмов есімді жігітті білетінін, ол автосервисте жұмыс істейтінін айтқан. "Біз танитын Одил болса, ол теракт дайындаған деуге сену қиын. Таныстарымыз оның ФҚҚ-ға қатысы барын айтқан", дейді Абдулхайр Рахимов есімді тәжік мигранты.

XS
SM
MD
LG