Ссылки доступа

Ташкентте коронавирусқа тексеру орталығының қызметкері пневмониядан қайтыс болды


Холисхон Джалолова

Өзбекстан астанасының санитария-эпидемиология орталығының 48 жастағы қызметкері Холисхон Жалолова пневмониядан қайтыс болды.

Марқұмның қызы Мукамбар Умарованың айтуынша, Жалолова СЭС-те 21 жыл жұмыс істеген.

9 шілдеде Жалолованың ыстығы көтеріліп, бір мәрте COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест жасатқан, бірақ сол кезде вирус жоқ екені анықталған.

– Анам 16 шілдеге дейін жұмысқа барып жүрді. 17 шілдеде оның ыстығы 40 градусқа көтерілді. Сол кезде біз оны ауруханаға жатқыздық, – деді марқұмның қызы.

Оның айтуынша, дәрігерлер науқасқа пневмония диагнозын қойған.

– Сенбі күні еді. Жұмыста анамнан COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест алудан бас тартты. Өйткені демалыс күндері тест жасамау туралы нұсқау болған. Соның салдарынан, 21 шілдеде анам қайтыс болды. Сол күні оның өкпесінің 70 пайызы зақымданғаны анықталды, – деді Мукамбар Умарова.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда күнде 300-500 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталады.

XS
SM
MD
LG