БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары басқармасының баспасөз хатшысы Элизабет Тросселл 28 шілдеде Женевада журналистерге "марқұм Асқаров өлімін тез арада тексеру керек" деп мәлімдеді. Тросселлдің айтуынша, халықаралық құқық бойынша, марқұмның отбасы өтемақы талап ете алады.
25 шілдеде 69 жастағы Әзімжан Асқаров №47 түзеу мекемесінде қайтыс болды. 24 шілдеде оны №19 колониядан "пневмония" диагнозымен ауыстырған.
Бұның алдында Асқаровтың қатты ауырып жатқанын оның адвокаты Валерьян Вахитов хабарлаған.
Әзімжан Асқаров 2010 жылғы маусым оқиғасынан соң милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген айыппен ұсталды. Соттың барлық инстанциясы оны өмірлік түрме жазасына кесті.
2016 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Асқаровтың түрмеде азапталғанын мәлімдеп, оны тез арада босатуын талап еткен.