Ссылки доступа

Түркімен билігі жас қабірлерді спутниктен жасыруға тапсырма берген


Түркіменстанның Лебап облысының билігі марқұм болған адамдардың туыстарына қабірді спутниктен көрінбейтіндей етіп жасырыңдар деп талап қойып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Биліктің бұл талабы "АССА" басылымында спутник арқылы түсірілген Балканабад қаласындағы зираттың суреті жарияланғаннан кейін қойылып отыр. Суретте жас қабірлердің көбейіп кеткені көрсетілген.

Журналистер спутник арқылы 2020 жылдың 25 наурызына дейін 524 адам жерленгенін, 25 наурыздан 16 сәуірге дейін 317 қабір пайда болғанын анықтаған.

Түркімен ауруханаларында сонымен бірге жасанды жолмен тыныс алатын аппараттар жетіспейтіні айтылады. Тілшілердің хабарлауынша, дәрігерлер науқастарды тыныс алу аппаратына қосу үшін, туыстарынан тәулігіне 56 доллар сұрап жатыр.

"Ақшасыз науқастарға қиын болып жатыр. Оттегі бәріне бірдей жетпей жатыр. Кім көп ақша төлесе, оттегі беретін аппаратты соларға қосады", – деп жазады Turkmen.news.

Елде ауруханалар науқастарға толы болғанына қарамастан, билік әлі күнге дейн коронавирус анықталмады деп мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG