Ссылки доступа

Биыл Меккеде он мың адам ғана зиярат ете алады


Кағба, 28 шілде, 2020 жыл.

29 шілдеде Меккеге қажылыққа бару басталды. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Сауд Арабиясы билігі тек он мың адамға ғана қажылық жасауға рұқсат берген.

20 наурыздан бері пандемияға байланысты Мекке және Мәдинадағы тәу ету мешіттері жабылды.

Биыл он мың мұсылман ғана зиярат ете алады. Олардың үш мыңы Сауд Арабиясы азаматы болса, қалған жеті мыңы – өлкедегі шетел азаматы және іс сапарда жүргендер мен студенттер. Олардың бәрі коронавирусқа тест тапсырып, қажылыққа дейін және кейін екі апталық карантин шараларын сақтауға міндетті.

Джон Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, Сауд Арабиясында 270 мың адамнан коронавирус анықталған. Індет бұл өлкеде 2700-ден астам адамның өмірін алған.

Хадж во времена коронавируса: как это происходит в Саудовской Аравии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

XS
SM
MD
LG