Ссылки доступа

Қырғызстан коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр


Қырғызстанда бүгін коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні.

Республиканың барлық аймақтарында, сонымен бірге шетел елшіліктерінің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсірілді. Мәдени мекемелер мен телерадиокомпаниялар бұл күні ойын-сауық қоймайды.

Президент Сооронбай Жээнбеков азаматтарға үндеу арнады. "Азаматтардың өмірі үшін, халқымыздың денсаулығы үшін күрес аяқталған жоқ. Кесел барлығымыз үшін ауыр сынақ болды. Күш біріктіріп, бұл ауруды міндетті түрде жеңеміз!" – деді ол.

Эпидемия кезінде мемлекет басшысына сын айтушылар көп болды. Елде ауыр жағдай қалыптасты: шетелден келген көмек тоналған, билік дәрігерлерге қорғаныс заттарын жеткізе алмады. Маусым айының соңында ауру өршіп кетті. Республикада күнде 500-700 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып жатты. Ауруханалар толып қалды, жедел жәрдем үлгермеді. Ауруханаларда тіпті рентген аппараттары болмаған.

Науқастарды емдеуге медициналық оқу орындарының мұғалімдері, ординаторлар мен интерндер жұмылдырылды. Оларға еріктілер көмектесіп жүр. Наубайханалар, мешіттер, шипажайлар, мейрамханалар мен қонақ үйлер ауруханаға айналды.

30 шілдедегі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 35 143 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған, 1364 адам қайтыс болған.

13 шілде - көрші Қазақстанда аза тұту күні болды. Бұл елде де эпидемия бақылаудан шығып кетті. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 87 664 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған. Билік тамыз айында бұл статистикаға пневмониямен ауырғандарды қосуға уәде берген.

XS
SM
MD
LG