Ссылки доступа

Өзбекстанда 234 жүкті әйел коронавирус жұқтырды, жетеуі қайтыс болды


Өзбекстанда 234 жүкті әйелдің коронавирус жұтырғаны анықталды. Бұл туралы 29 шілдеде "Өзбекстан 24" телеарнасының эфирінде Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Барно Абдусаматова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 120 науқас жазылып шықты. 2500 аяғы ауыр әйел карантинде дәрігерлердің бақылауына алынған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі нақты қанша науқас қайтыс болғанын айтпады, бірақ жүкті әйелдер арасында өлім көрсеткіші 2,9 пайыз (7 адам) болғанын атап өтті.

"Екінші және үшінші дәрежеде артық салмақ жинағандар, жүрек-қан тамыры ауруларына шалдыққандар, тыныс алу жүйесі мен бүйрегі ауыратындар қайтыс болған. Бірақ тек қана коронавирустан қайтыс болған жүкті әйел тіркелмеді", – деді Барно Абдусаматова.

Бұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі Ташкентте төрт күннің ішінде COVID-19 вирусынан бес жүкті әйел қайтыс болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG