Ссылки доступа

Өзбек билігі туралы жазған блогерді арнайы қызмет тергеуге шақырды


Ташкенттің блогер Миразиз Базаровты 27 шілдеде Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тергеу шақырды.

Бұның алдында блогер Facebook’те Халықаралық валюта қоры мен Азия даму банкінің басшылығынан несиені Өзбекстан билігіне бақылаусыз бере беруді доғарауын сұраған.

Соңғы кездері елде блогерлер мен журналистерге қысым көбейді. Базаровтың бұл жолғы жазғанына республиканың бас прокуратурасы да назар аударған.

– Пікірімді әлеуметтік желіге жұма күні жарияладым, ал дүйсенбіде (27 шілде) маған арнайы қызметтен хабарласып, тергеуге шақырды. Мен олардан ресми шақырту жіберуін сұрадым. Сол күні сағат 15:30-да олар шақыртуды анама қалдырып кетті. Онда жарты сағаттан соң, яғни сағат 16:00-ден Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне келуім керек деп жазылған, – дейді блогер.

Келесі күні, 28 шілдеде сағат 11:30-да Миразиз Базаров адвокатымен бірге арнайы қызметке барған.

– Күзеттегі адам тергеуші менімен адвокатсыз сөйлескісі келетінін айтты. Мен келіспедім. Сосын менің, адвокатымның ыстығын өлшеді. Менің ыстығым 37,5-ке, адвокатымның ыстығы – 37-ге көтерілген. Біраз уақыттан соң күзеттегі кісі біздің құжаттарды қайтарып беріп, кете беруге болатынын айтты. Мені басқа бір күні шақыртуы мүмкін екенін ескертті, - деді Базаров.

Блогер арнайы қызметтің бұл әрекетін өзінің әлеуметтік желідегі жазбасымен байланыстырады.

– Менің телефоныма белгісіз біреулер қоңырау соға бастады. Ақыр соңында телефонымды Интернеттен ажыратып тастады, - дейді Базаров.

XS
SM
MD
LG