Ссылки доступа

Түркия билігі шетелдің әлеуметтік желісіндегі материалды екі тәулікте өшіруді талап ететін заң қабылдады


Түркия парламенті 29 шілдеде әлеуметтік желіне реттейтін заң жобасын мақұлдады. Құжатты президент Режеп Ердоған басқаратын Әділет және даму партиясы мен оның одақтасы - Ұлттық қозғалыс партиясы әзірлеген.

Заңға сәйкес, Түркиядағы шетелдің әлеуметтік желілері түрік билігі шағымданған материалды екі тәуліктің ішінде алып тастауы тиіс. Бұған қоса, оларға Түркиядағы қолданушылар туралы мәліметтері бар серверді ел ішінде сақтауға тыйым салынды. Түркияда бір миллион қолданушысы бар әлеуметтік желілер елде түрік азаматтары арасынан өз өкілдерін орналастырып, олардың байланыс нөмірлерін веб-сайтта жариялауы тиіс.

Билік шарттарын орындамаған әлеуметтік желілерге ірі көлемде (1 млн түрік лирі немесе 1.5 млн доллар) айыппұл салынады, олардың жарнамалары бұғатталады.

Билік басындағы партия бұл заң жобасын парламент қарауынан өткізбес бұрын интернетте Ердоған отбасының мүшелері мен оның жақтастарын масқаралайтын материалдар жарияланған.

Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы кездері елде 229 адам әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ұсталған.

"Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы түрік билігі қабылдаған заңды сынады. Ұйым мәліметі бойынша, Facebook әлеуметтік желісін Түркияда 37 миллион адам, яғни халықтың жарымына жуығы қолданады. Twitter-дің Түркияда 16 миллион қолданушысы бар.

XS
SM
MD
LG