Ссылки доступа

Тәжікстанда кеденнің жүзден астам қызметкері жұмыстан шығарылды


Тәжікстан кеден қызметінің жүзден астам қызметкері тексеруден соң жұмыстан шығарылды.

Олардың бірқатары басшылықтың мұндай шешіміне наразы болған.

Кеден қызметінің басшысы Хуршед Каримзоданың айтуынша, аттестациялау нәтижесі бойынша 118 адам жұмыстан шығарылып, 36 адамның қызметі төмендеді.

Өткен жылы мамыр айында тәжік президенті кеден қызметінің жұмысын сынаған. Мысалы, Душанбе қаласы кеден қызметіндегі басшылардың бірі Шахбоз Раджабов екі жылда 16 мәрте шетелге шығып, бірнеше пәтер мен үй, автокөлік сатып алғаны сөз болды. Қызметкерлерді аттестациялау президент сынынан соң басталды.

XS
SM
MD
LG