Ссылки доступа

Тәжікстанда заңсыз алтын қазған екі адам кен астында қалып мерт болды


Шугнов. Суреттер мұрағаттан алынды
Шугнов. Суреттер мұрағаттан алынды

Тәжікстанның Хаволинг ауданындағы Шугнов алтын кеніндегі көшкін кезінде екі адам қайтыс болып, тағы екеуі жараланған. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 30 шілде күні кешкісін болған апаттан 35 және 20 жастағы жергілікті екі тұрғын көз жұмған.

Жергілікті әкімшіліктегі дереккөздің айтуынша, қайғылы оқиғаға заңсыз алтын қазумен айналысқан жергілікті тұрғындардың "қауіпсіздік ережелерін" сақтамағаны себеп болған.

Бір ай бұрын Шугнов алтын кенінде 12 жастағы жергілікті тұрғын алтын қазам деп опат болған.

Ховалинг ауданындағы Шугнов аймағында екі алтын кені бар. Онда сегіз компания жұмыс істейді. Бұл аймақта мыңдаған тұрғын отбасын асырау үшін заңсыз алтын қазумен айналысып келеді.

XS
SM
MD
LG