"Шектеу қою туралы үкімет қаулысы шыққанына үш күн болды, бірақ лимит енгізілмеді. Қазір Нурек су қоймасында судың деңгейі көтеріліп жатыр, бәлкім шектеу қою қажеттілігі де болмай қалуы мүмкін", - деді мекеменің баспасөз хатшысы Нозиржон Ёдгори.
Шілденің аяғында билік тұрғындар үшін электр энергиясын қолдануға шектеулер енгізетінін мәлімдеген. Үкімет бұл шешімді күз-қыс кезінде электр тапшылығына жол бермес үшін әрекет етіп жатқанын түсіндірген.
"Биыл былтырғыға салыстырғанда қар 50 процентке аз жауды, осыған байланысты су қоймасында су көлемі аз болып жатыр. Нурек су қоймасында судың көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 17 метрге аз. Мұндай жағдай Тәжікстанда бірінші рет болып жатыр", - деп жазылған үкімет таратқан ақпаратта.
Тәжікстан 2017 жылы күз-қыз мезгілінде электр энергиясын шектеуден толық бас тартқанын жариялаған.
Өткен аптада Душанбе Ауғанстан мен Өзбекстанға электр қуатын экспорттауды азайтқанын мәлімдеген.