Ссылки доступа

Ташкентте мемлекеттік көмекке көңілі толмаған тұрғындар көтерілді (видео)


31 шілдеде Ташкентте президент жарлығына сәйкес, коронавирус пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсету кезінде жанжал орын алды.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік көмекті мұқтаж адамдарға емес, өзінің таныстарына беріп жатыр. Дереккөздің хабарлауынша, дәл осындай жағдай Хорезм облысында да орын алған.

Жанжал кезінде түсірілген видеодан махалла (шағын аудан) комитеті мүшелері мен тұрғындар арасындағы жанжалды аңғаруға болады. Құқық қорғау органдары жағдайды реттеуге тырысып жатыр.

Бұл Сергели ауданында болған жағдай. Жанжал болған күннің ертесіне бұл ауылға үкімет өкілдері барған.

"Бұл 700 мың сум (70 доллар). Бастапқыда әрбір конвертте шын мәнінде 1 млн сум (100 доллар) көлемінде ақша болған. Бірақ билік өкілдері конвертті беріп жатып, 300 сумнан қалдырып кетуді сұраған. Болмаған жағдайда келесі жолы тізімге қоспаймыз деп жатыр", – дейді видео авторы.

1 тамызда ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігінің өкілі Ахрор Гуломов жағдайды ішкі істер министрлігі бақылауға алды деп мәлімдеді.

30 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Коронавирус пандемиясы кезінде жағдайы төмен отбасыларға қосымша көмек көрсету жөнінде" жарлыққа қол қойған.

Жарлыққа сәйкес, республикалық бюджеттен 400 мың отбасына, барлығын қосқанда 1 млн 700 мың адамға қаржы бөлінген.

Бұдан бөлек Құрбан айт мерекесіне орай 150 мың мұқтаж адамға "Мейірім және қолдау" қорынан 150 млрд сум (14 млн 700 мың доллар) бөлуге уәде етілген.

XS
SM
MD
LG