Ссылки доступа

Бішкекте Сирияда қалған қырғыз әйелдерінің туыстары наразылық акциясын өткізді


Бішкекте Сирия аумағында қалған қырғыз әйелдерінің туыстары акция өткізді. Олар президент Сооронбай Жээнбековтен әйелдерді қайтаруға көмектесуін сұрайды.

Акцияға қатысушылардың сөздерінше, Сириядағы "Әл-Хол" лагерінде жүзден астам қырғыз келіншегі мен олардың балалары бар.

Бұл лагерде "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының бұрынғы содырларының әйелдері жатыр. Қазір олар күрдтердің бақылауында. Онда жалпы он мыңдаған әйел мен балалар бар. Арасында Орталық Азияның азаматтары көп.

2019 жылдың қазан айында Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия аумағындағы лагерлерде 500 қырғызстандық бар екенін мәлімдеген. Мекеме өкілі оларды қайтару жөнінде келіссөз жүріп жатқанын айтқан. Үкіметте Сирия және Ирактағы қырғыздарды қайтару жөнінде де арнайы комиссия құрылған.

Бірақ 2020 жылдың ақпан айының соңында Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Сирияда басталып кеткен соғыс оларды қайтаруды қиындатты деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG