Ссылки доступа

Тәжікстан елінде иран оппозиционерінің ұсталғанын теріске шығарды


Жамшид Шармахд
Жамшид Шармахд

Ислам революциясы күзет корпусына жақын ирандық басылым Иран билігінің басты қарсыласы Жамшид Шармахдтың Тәжікстанда ұсталғанын хабарлады.

Жамшид Шармахд Иран билігі "террористік топ" деп санайтын "Тондар" ұйымын басқарады.

Ал сарапшылар Иран билігі өзінің қарсыласын осылай қысып жатыр деп есептейді.

Ислам революциясы күзет корпусына жақын "Жаван" басылымы Жамшид Шармахдтың 31 шілдеде Тәжікстанда ұсталып, иран билігіне берілгенін хабарлады.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода елінде Жамшид Шармахдың ұсталғанын теріске шығарды. Ол бұл ақпаратты БАҚ-тан естіп-білгенін айтты. Ол иран оппозиционерінің Тәжікстанда ұсталып, Иранға экстрадицияланды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деді.

Жамшед Шармахд соңғы жылдары Лос-Анджелесте тұрып келген. Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін, ол шетелге қашып кеткен. Қазір коронавирус пандемиясына байланысты әуе қатынастары жабық. Оның қандай жағдаймен Тәжікстанға тап болғаны белгісіз.

Ресми Иран Шармахд Құрама Штаттар мен Израильді қолдайды деп те айып таққан. Сыртқы барлау қызметі дереккөзіндегі ақпаратқа сәйкес, Шармахд 31 шілдеде арнайы операция кезінде ұсталған.

Өткен сенбі күні Иран үкіметінің IRIB телеканалы Жамшид Шармахд туралы арнайы репортаж көрсетті. Онда Шармахд делінген көзі байланған адам "бірнеше қылмыс жасадым" деп мойындайды.

"Тондар" парсы тілінде "найзағай" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұйымды 2004 жылы шах кино режиссёрі Фатолло Манучехри (Фруд Фулаванд) құрған. Бұл ұйым ислам діні парсы мәдениетін жойып жіберді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG