Ссылки доступа

Қырғыз президенті интернетті шектеуге қатысты заң жобасына қарсылық білдіріп, қайта қарауға жіберді


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 25 маусымда Жогорку Кеңеш қабылдаған "Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі" заң жобасына қарсылық білдіріп кері қайтарды.

Ол аталған заңды реттеудегі техникалық аспектілерді, жүзеге асыру механизмін, құқықтық қатынас субъектілерін қайта қарап шығуға кеңес берді. Бұл үшін қоғам өкілдерін, сарапшыларды тартуды ұсынған.

Президент сөз бостандығы, азаматтардың жеке құқығы Конституцияда кепілдік берілгенін, халықаралық пактілермен бекітілгенін атап өтті. Бірақ негізгі заң өзге азаматтардың құқығын, еркіндігін сыйлауға міндеттейді деді.

Аталған заң жобасын депутат Гүлшат Асылбаева мен Айнұр Осмонова әзірлеп шықты. Олар заң жобасының басты мақсаты азаматтарды жалған ақпараттан қорғау деген.

Бірақ медиа қауымдастық пен көптеген халықаралық ұйымдар бұл заң жобасы керісінше сөз бостандығына шектеу қойылады деп мәлімдеді.

29 маусымда Бішекте заң жобасының қабылдауына наразы адамдар #RЕакция 3.0 акциясын өткізді.

Заң жобасында интернет қолданушылар мен сайт иелерінің құқықтары мен міндеттері жазылған. Онда заңды бұзған жағдайда мемлекеттік органдардың сотқа дейін ақпаратқа шектеу қоя алатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG