Ссылки доступа

Өзбекстанда жұмыссыздықтың өсуін коронавируспен байланыстырады


2020 жылдың қаңтар-маусым айында Өзбекстанда жұмыссыздық деңгейі 13,2 процентке өсті деп хабарлайды елдің еңбек министрлігі.

Министрлік мәліметінше, жұмыссыздықдың өсуі коронавирустың кең таралуына жол берілмес үшін жарияланған карантинге байланысты болып тұр.

Былтыр бұл көрсеткіш 9,1 процентті құраған.

Жұмысқа тұрғысы келген адамдардың саны 1 млн 944 мыңға жеткен (16-30 жас аралығында жұмыссыздар 20,1 процентті, әйелдер арасында 17,4 процентті құрайды).

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік зерттеу Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысымен Өзбекстанның 101 қаласы мен ауданында жүргізілген.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 167,5 мыңға (46,4 процент) қысқарған. Бірақ айлық төленетін қоғамдық жұмысқа 131,2 мың адамның тартылғаны айтылады.

Министрлік сонымен бірге тұрақты жұмыс орны мен қоғамдық жұмысқа 501,1 мың адамның тартылып, оларға айлық төленіп отырғанын атап өтті. 15 мың жұмыссыз адам қайтадан кәсіп таңдау курстарына жіберілген. 27 мың адамға 10,1 млрд сум (1 млн доллар) көлемінде материалдық қаржылай көмек көрсетілген.

XS
SM
MD
LG