Ссылки доступа

Бұдан былай барлық азаматтар алкоголь мен темекі сатып аларда, жеке құжаттарын көрсетуге міндетті


Қазақстанд бұдан былай кәсіпкерлер алкоголь және темекі өнімдерін сатарда, сатып алушылардың жеке құжаттарын тексеруі тиіс. Денсаулық сақтау жүйесі және халық саулығы жөніндегі жаңа Кодексте осындай талаптар бар.

Сатушылар егер азаматтар жеке құжаттарын көрсетуден бас тартқан жағдайда, алкоголь, темекі, кальян және электрондық темекі өнімдерін сатпауға тиіс. Сонымен бірге бұл өнімдерді 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға тыйым салынады. Заңды бұзған жағдайда, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сөрелерге шығармайды. Тек бағасы көрсетілген тізімді ғана іліп қояды.

Темекі өнімдерін, сонымен бірге электронды шылым мен кальянды қоғамдық тамақтанатын орындарда, түнгі және ойын-сауық клубтарда, жұмыс орнында, үйлердің кіреберісінде, балалар ойнайтын алаңда қолдануға тыйым салынады. Тек арнайы бөлінген орындарға ғана рұқсат етіледі.

XS
SM
MD
LG