Осының алдында Қытайдан 5 литрлік 1500 дана оттегі концентраты жеткізілген. Өткен аптада 10 литрліктен тағы 40 данасы жеткізілді. Келесі аптада 350 данасы жіберіледі деп отыр.
Қырғыз үкіметі оттегі концентраттарының бағасы қанша тұратынын, қанша қаржы жұмсалғанын нақты айпады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елде 493 жасанды тыныс алу аппараты мен 610 оттегі концентраты бар. Денсаулық сақтау ішкі істер министрі Мадамин Қаратаев елге тағы 220 жасанды тыныс алу аппараты мен 2300 оттегі концентраты керек деп мәлімдеген.