Ссылки доступа

Өзбекстан шенеуніктері жұмыссыздарға бөлінген қаржыны жымқырған


Наманганда жұмыссыздарға деп бөлінген 216,2 млн сум (21 мың доллар) бюджет қаражаты ұрланған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Наманганда Жұмыспен қамтуға жәрдем беру орталығының қызметкерлері жалған құжат әзірлеп, 204 адамға берілетін көмекті қалтасына басқан.

Жалпы алғанда 216,2 млн сум бюджет ақшасын жымқырған.

Шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталған.

Осыған дейін Ташкентте шенеуніктердің "Махалла" қайырымдылық қорына мұқтаж жандарға деп бөлінген 95,8 млн сумды (9,3 мың доллар) қолды еткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG