Ссылки доступа

Өзбекстан билігі шетелдіктерге визаны 1 қарашаға дейін созды


Қазір Өзбекстанда тұрып жатқан шетелдік азаматтардың визасы 1 қарашаға дейін созылды. Бұл жөнінде республикалық арнайы комиссияның шешімінен кейін мемлекеттік туризм комитеті хабарлады.

Онда карантинге байланысты елде қалып қойған шетел азаматтарына айыппұл салынбайтыны айтылған.

Өзбекстан 16 наурыздан бастап шетеге қатынайтын барлық халықаралық рейстерді тоқтатқаннан кейін, шетел азаматтарының визасы бірнеше рет созылған.

XS
SM
MD
LG