Ссылки доступа

Өзбекстан карантин талаптарын жеңілдетпек


Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесі және жергілікті билік 10 шілдеде енгізілген қатаң карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

"Егер екі-үш апта бұрын адамдарды мұқият болуға шақырсақ, олар байбаламға түсті. Қазір байбалам салуға негіз жоқ. Жағдай бақылауда. Карантин талаптарын жеңілдететін болсақ, науқастар көбейген жағдайда, дәрігерлер алдын алуға дайын", – деп мәлімдеді коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі Хабибулла Акилов.

Ол егер 15 тамызға дейін коронавируспен ауырғандар саны тәулігіне 400-ден төмен болса, карантинді жеңілдетеміз деді. Соңғы екі күнде коронвирус 800 адамнан анықталды.

Өзбекстанда карантинді 15 тамызға дейін созған.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 3 тамыздағы көрсеткіш бойынша вирус жұқтырғандар саны 26301 адам. 17262 науқас жазылып шыққан. Көз жұмғандар саны - 159.

Қазір ауруханада 8880 адам жатыр. Олардың 927-сінің жағдайы ауыр, 224 науқас өте ауыр халде жатыр.

XS
SM
MD
LG