Ссылки доступа

Нью-Йорк прокуратурасы "Трамп ұйымын" тергеуге кірісті


Дүйсенбі күні Манхэттен аудандық прокуроры аудандық прокуратураның Дональд Трампқа тиесілі "Трамп ұйымы" заңсыз қозғалысының іс-әрекетін тергеп жатқанын бірінші рет мәлімдеді.

CNN телеканалының хабарлауынша, "Трамп ұйымын" банк саласында алаяқтық жасады деп күдіктенеді.

Бұл жөнінде аудандық прокурор Сайрус Вэнс​тің арызында айтылған. Сайрус Вэнс сотты Дональд Трамптың соңғы 8 жылдағы табыс декларациясын талап етуін заңды деп тануын сұрайды.

Осыған дейін прокуратура президенттен сайлау қорындағы ақшаны заңсыз пайдаланды деген істі зерттеу кезінде салық құжаттарын талап еткен. Онда Дональд Трамп 2016 жылы сайлау алды науқан кезінде өзімен интимдік байланыста болған екі әйелге үндемеу үшін қомақты ақша төлеуі мүмкін деген болжам бар.

Президент адвокаттары прокурордың талаптары негізсіз, мұның саяси астары бар деп мәлімдеген.

Бұл мәселеге қатысты президент Трамп мұны өзінің саяси қарсыластары демократтардың іс-әрекеті деп баға берді.

XS
SM
MD
LG