"Ұсталған содырлар мен тағы басқа дереккөздерден Халимов пен оның отбасы мүшелерінің Сирияда бомбалау кезінде қаза тапқанын анықтадық. Бірақ оның денесін көрмейінше, ресми түрде нақтылай алмаймыз", - деді министр.
Тәжік командирі Гулмурод Халимов тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына 2015 жылдың сәуір айында кірген. Ол кезде Халимовтың жасы 40-та болатын. Оған қатысты тәжік билігі "Мемлекетке сатқындық жасады", "Терроризм" баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялаған.
2015 жылдың қыркүйегінде Гулмурод Халимов қауіпті террористердің тізіміне енгізілді. Америка билігі оның тұратын жерін хабарлаған адамға 3 млн доллар сыйақы тағайындайтынын да хабарлаған.
2017 жылдың сәуір айында Лондоннан шығатын The Times газеті Халимовтың Ирактың Мосул қаласында әуе соққысынан қаза тапқанын жариялаған. Бірақ Америка билігі бұл ақпаратқа сенбейтінін мәлімдеген.