Ариповтің аккредитация мерзімі 1 тамызда аяқталған. Билік әрі қарай созбауға шешім қабылдады.
4 тамыз күні таңертең Рахматовты сыртқы істер министрлігі шақыртқан. Әңгіме барысында СІМ шенеуніктері Радио Озоди сайтында жарияланған материалға сын айтқан. Мақалада президент сайлауы алдында Эмомали Рахмонның ел аралап кеткені айтылған.
Жоспарға сәйкес, сайлау 2020 жылдың күзінде өтуі тиіс. Бірақ әлі ресми жарияланбады. Бірақ соңғы уақытта жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде Рахмонға мақтау айтылатын мақалалар көбейіп кетті. Сарапшылар президент сайлауалды кампаниясын бастап кетті деп есептейді.
Тәжікстан билігі сын айтқан материалдың бірін Анушервон Арипов дайындаған.
Бұл сюжетте Рахмонның Рудаки ауданына сапары жайлы айтылған. Ол аяқ астынан жергілікті тұрғынның үйіне қонаққа барады. Ал оны мерекелік дастархан тосып тұрған. Дастархан басында әңгіме кезінде Рахмон отбасы мүшелеріне "қыс қамын жазда ойла" деп кеңес береді.
2016 жылы да Радио Озодиға президенттің қызы Рухшона Рахмонова жайлы мақала жарыққа шыққаннан кейін осы редакциядағы біраз журналистерді аккредитациясынан айырған.