Ссылки доступа

Албания Германияға терроризммен айыпталған тәжік азаматын берді


Албания Германияға "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымының мүшесі және теракт жасамақ болды деп айыпталған 24 жастағы тәжік азаматы Комрон Зухуровты берді.

Елдің прокуратурасы 4 тамызда Зухуров Германиядағы АҚШ-тың күш құрылымдарына шабуыл жасамақшы болды деп мәлімдеді.

Маусым айында Тирана соты Комрон Зухуровты Тәжікстанға емес, Германияға экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Себебі, сот Тәжікстанға жіберетін болсақ, ондағы сот үкімі әділетсіз болып, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін деген.

Биыл сәуірде Албания полициясы Интерпол операциясымен бірлесіп, Комрон Зухуровты ұстағанын жариялаған. Полиция мәлімдеуінше, ол тапсырыспен кісі өлтіру үшін арнайы Албанияға келген.

Ал Комрон Зухуровтың адвокаты Аслан Даджани сот отырысы кезінде қорғауындағы күдіктінің соңғы екі жылда Германияда тұрғанын, Албанияға әпкесіне келгенін атап өткен.

Биыл сәуір айында Германия билігі елде теракт жасамақ болған бірнеше тәжік азаматының ұсталғанын мәлімдеген. Қазір олардың бәрі "терроризм" айыбымен түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG