Ссылки доступа

Өзбекстан коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми статистикадан көп екенін мойындады


Өзбекстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми статистикадан көп.

Бұл жөнінде Коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі Хабибулла Акилов мәлімдеді.

Оның сөзінше, егер коронавирус анықталған науқастар қайтыс болса, оларды өлгендер статистикасына қосады. Ал қалған жағдайда, пневмониядан көз жұмды деп есептелінеді.

"Кейбір науқастар жағдайының ауыр екеніне қарамастан, үйінде емделуге тырысады. Олар арнайы тест тапсырмайды. Бірақ үйінде жатып қайтыс болады. Олар пневмониядан көз жұмды деп есепке алынады", - деді Хабибулла Акилов.

Өзбекстанда бүгінгі күнге дейін ресми көрсеткіш бойынша, коронавирустан 161 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG