Ссылки доступа

Түркіменстанда маска тақпағандарға айыппұл салына бастады


Түркіменстанда көшеде маска тақпағандарға айыппұл салына бастады деп хабарлады Азаттықтың түркімен қызметі. Ел билігі ауруханалар науқастарға толып қалғанына қарамастан, коронавирус анықталмады деп отыр.

Тілшінің хабарлауынша, полиция маска тақпаған адамдарды ұстап, 50-60 манат (16-17 доллар) көлемінде айыппұл салып жатыр.

Ауруханалар науқастарға толы. Ал коронавирусқа тест тапсырғандарға теріс нәтиже берді деген анықтама беріп жатыр дейді тілші. Бірақ дереккөздің хабарлауынша, дәрігерлерде қазір екі бөлек тізім жасап жатыр.

Шілде айының ортасында Түркіменстанға барған ДДСҰ билік өкілдеріне "коронавирус анықталған секілді шара қолданыңыздар" деген ұсыныс айтқан.

Қазір Ашғабадта ірі дүкендер мен базарлардың жұмысы тоқтаған. Тұрғындарға той, еске алу шарасын өткізуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG