Ссылки доступа

Тәжікстанда еңбекақы, зейнетақы және шәкіртақы өсетіні айтылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Тәжікстан үкіметі 1 қыркүйектен бастап бюджеттік мекемелердің айлығы, зейнетақы және шәкіртақы 15 процентке дейін өсетінін мәлімдеді.

Бұл жөнінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 4 тамызда арнайы жарлық шығарды.

Жарлыққа сәйкес, бюджеттік мекемелерден басқа, әскери қызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысы 10 процентке өседі.

Тәжікстанда қазір ең төменгі айлық 400 сомони көлемінде. Ал бюджеттік мекеме қызметкерлері 1 мың сомони көлемінде еңбекақы алады. Тәжікстанда соңғы рет айлық пен зейнетақы 2018 жылдың қыркүйек айында 15 процентке өскен.

Сарапшылар қазір пандемия кезінде азық-түлік бағасы қымбаттағанын айтады. "Егер сіздің айлығыңыз мың сомони болса, онда бар болғаны 150 сомони қосылады. Бір қап ұн қазір 230-240 сомони тұрады", - дейді ол.

XS
SM
MD
LG