Ссылки доступа

Қырғызстанда коррупция жайында түсірілген фильмді көрсетуге рұқсат берілмеді


В Кыргызстане не пустили в кино фильм о коррупции и конфликте с бизнесом из Китая
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:45 0:00

Қырғызстанның "Мекен" ("Отан") көркем фильмін түсірушілер бірнеше айдан бері көрерменге жол тарту үшін арнайы рұқсат куәлігін ала алмай келеді.

Фильмді авторлар биылғы жылдың қаңтар айында көрсетеміз деп жоспарлаған. Бірақ шенеуніктер оның қытай инвесторларымен арадағы коррупция жайында екенін біліп, кедергі келтірген.

"Олар фильмнен ақша беріп жатқан сәтті алып тастауды талап етті. Ал біз оларға біріншіден бұл деректі фильм емес, көркем туынды екенін айтып түсіндірмек болдық", - дейді фильм режиссёрі Медербек Жалилов.

Арнайы комиссия мүшесі Баян Сарыгулов фильмнің кемшілік тұстары көп деп есептейді.

"Қырғызстанда жемқорлықпен күрес жүрмей жатқан сияқты. Ал шындығына келетін болсақ, қазір "коррупция" бабымен экс-президент, вице-премьер болған екі адам, бас прокурор болған екі адам түрмеде отыр", - дейді Баян Сарыгулов.

Ол он күн бұрын фильмді көрсетуге рұқсат беру үшін куәлік бермек болғанымызда, өздері келмеді дейді.

Интернеттен аталған фильмді екі күн ішінде жарты миллион адам көрген.

"Мен фильмді көрдім. Ұнады. Саяси тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да сюжет жақсы таңдалған. Әсіресе, шетелдік инвесторлармен байланысқан жемқорлық мәселесі жақсы көтерілген. Бұл біздің мемлекетті тығырыққа тірейді", - дейді көрерменнің бірі.

"Мекен" фильмін түсіруге 100 мың долларға жуық ақша жұмсалған. Фильмді түсірушілер билетті сату арқылы шығынды жабамыз деп есептеген. Енді тек интернет арқылы көрсетіп, ақша жинауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG