Ссылки доступа

Тәжікстан мемлекеттік тілді дамыту жөнінде жаңа бағдарлама әзірледі


Тәжікстанның Тіл және терминология жөніндегі комитеті 2020-2030 жылдары мемлекеттік тілді дамытуға арналған жаңа бағдарлама әзірледі. Жоба қазір үкіметте талқыланып жатыр.

Аталған комитеттің төрағасы Олимжон Мухаммадджонзода технология дамып жатқан кезде, мемлекеттік тілді дамытуға арналған жаңа бағдарлама әзірлеудің қажеттігі туды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты өз елінде және шетелде тұрып жатқан тәжікстандықтарға тәжік тілін үйрету. Жоба аясында архивтерде жатқан тәжік жазушылары шығармаларының электронды нұсқасын әзірлемек. Сонымен бірге аудио нұсқасын да дайындамақ.

Бірақ тіл мамандары бұл тәжік тілінің ауқымын кеңейтуде жеткіліксіз деп есептейді. Мәскеуде тұратын тәжік зерттеушісі Умеда Джайхони тілдің дамуына кедергі болып тұрған негізгі проблема – мемлекеттік мекемелер мен ресми БАҚ-тың тек орыс тілін қолдануы.

Тәжік ұлттық университетінің оқытушысы Кутбиддин Мухтори қазір студенттер тәжік тілін үйренуге құлықсыз дейді.

Егер бұл жоба қабылданса, тәжік тілін дамытуға арналған үшінші бағдарлама болмақ. Алғашқы бағдарлама 1997-2000 жылдарға арналып, екіншісі 2012-2016 жылдарға арналып қабылданған.

1989 жылдың 22 шілдесінде тәжік тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген.

XS
SM
MD
LG