Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп жатыр


Туркменабад, тамыз, 2020 
Туркменабад, тамыз, 2020 

Түркіменстанның шығысында бюджет қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі.

"Мектептер, жергілікті әкімдіктер, көлік және байланыс кәсіпорындары, сонымен бірге завод, фабрика қызметкерлерінің 80 процентін 90 күндік ақысыз демалысқа жіберіп жатыр", - деп хабарлайды тілші дереккөзіне сүйеніп.

Бірақ мұның денсаулық саласы және ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне қатысы жоқ.

Түркімен билігі мұндай қадамға коронавирус пандемиясынан әлем бойынша экономикалық қиындықтар болып жатқан кезде барып жатыр. Ал Түркіменстанда соңғы төрт жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Түркіменстан әлі күнге дейін COVID-19 вирусы елінде анықталмады деп мәлімдеп келеді.

Күзде мектептердің бәрі жабылып, сабақ онлайн жүргізілмек. Интернетке қатаң шектеу қойылатын елде онлай дәрістер қалай өтетіні белгісіз. Оқушылардың көбінде ноутбуктар мен смартфондар жеткіліксіз.

XS
SM
MD
LG