Ссылки доступа

Ташкент мэріне тиесілі кәсіпорын жұмысшылары түнімен жұмыс істейтінін айтып шағымданды


Ташкентте пластик терезелер мен есіктер шығаратын Imzo Akfa кәсіпорнының жүздеген жұмысшысы 15 күннен бері түнімен жұмыс істейді.

Азаттықтың өзбек қызметіне жіберген суреттерде компания кеңсесінде еденге төселген төсеніштерді көруге болады. Жұмысшылар 15 тәулік бойы үйге бармай жұмыс істеп келе жатырмыз дейді. Imzo Akfa компаниясында 500 жұмысшы бар. Ондағы кадрлар бөлімінің қызметкері түнде жұмыс істеу коронавирусқа байланысты уақытша шара деді.

Аты-жөнін жеке қауіпсіздігіне байланысты айтпауды жөн көрген компания қызметкері 10 шілдеден бастап тәулік бойы, үй бетін көрмей жұмыс істеп жатырмыз деп шағымданды.

– Екі жүз адам бір жерде антисанитариялық жағдайда жұмыс істеп келеміз. Үш жұмысшыдан коронавирус анықталды. Басшылық бұл ақпаратты жасырып келеді. Олар кәсіпорын жұмысы тоқтап қалады деп қорқады. Оларға жұмысшылардың денсаулығы қызықтырмайды, – дейді Imzo Akfa жұмысшысы.

Сөздеріне дәлел ретінде жұмыс істейтін орнының суреттерін жіберіп отыр.

– Біз күніне 10 сағаттан жұмыс істейміз. Кейде 12 сағаттан істейтін кездер болады. Біз басшылықтан үстеме ақша қосылады ма деп сұрағанда, жоқ деп айтты. Істегілерің келмесе, басқа адамдарды аламыз дейді. 15 күндік жұмысқа бар болғаны 700 мың сум (70 доллар) төледі, – дейді жұмысшылардың бірі.

Imzo Akfa компаниясының кадрлар бөлімінің қызметкері түнде жұмыс істеу жұмысшылардың өз қалауы болды дейді.

Imzo Akfa кәсіпорны Akfa Group холдингіне кіреді. Бұл холдинг Ташкент мэрі Жахонгир Артыкходжаевқа тиесілі. Бұдан бөлек Артыкходжаевті президент Шавкат Мирзияевт Коронавирус пандемиясына қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының төрағасы етіп тағайындаған.

XS
SM
MD
LG