Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды


Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында 6 тамыз күні таңертең оқ атылды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Баткен облысының Баткен ауданына қарасты Эки-Таш деген жерде тәжік тараптан белгісіз біреулер қырғызстандық шекарашыны мерген мылтықпен дәлдікпен атқан.

Нәтижесінде шекара отряды қызметкері қолынан жараланған. Оған медициналық жәрдем көрсетілді. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық деді.

Сол күні Тәжікстанның "Ховар" ақпарат агенттігі 6 тамызда таңертең Исфара аймағында аға лейтенант, Қырғызстанның "Көкташ" шекара бекетінің басшысы Кабиров Шер ТОЗ-8 мерген мылтығынан атылған оқтан жараланғанын жазған. Онда сонымен бірге Самониен ауылының бір тұрғыны аяғына тиген оқтан көз жұмғанын да айтылған.

Қазір Қырғызстанның Баткен бойынша және Тәжікстанның Исфара бойынша шекара өкілдері кездесіп, жағдайды талқылап жатыр.

Қазір жағдай тұрақталды деп бағаланды.

Қырғыз-тәжік шекарасында су, жол, жер мәселелері бойынша жанжал туғызған оқиғалар жиі болып тұрады.

Екі мемлекеттің жалпы шекарасының ұзындығы 970 шақырымды құрайды. Оның 519-ы бекітілсе, қалғаны әлі даулы күйінде қалып отыр.

2019 жылы екі ел президенттері Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон Тәжікстанда және Қырғызстанда, оның ішінде шекара оқиғасы көп тіркелетін Ак-Сай - Ворух аймағында кездесіп, жоғарғы деңгейде келіссөздер жүргізді.

XS
SM
MD
LG