Ссылки доступа

Тәжікстанда президент сайлауы 11 қазанда өтеді


Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы ( Маджлиси Оли) елде президент сайлауы 11 қазанда өтеді деп шешім шығарды.

Енді елдің саяси партиялары, кәсіподақ ұйымдары президенттікке үміткер ұсына алады. Соңғы президент сайлауы 2013 жылдың 6 қарашасында өткен.

Бұл Тәжікстан тәуелсіздігін алғалы бері өтетін алтыншы президент сайлауы болмақ. Тәжікстанда президент сайлауы 7 жылға сайланады. Президенттіктен үміткер Тәжікстанда кемінде 10 жыл тұрып, тәжік тілін жақсы меңгеруі тиіс, жасы 30-дан кем болмауы керек.

Қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмон 1992 жылдан бері елін басқарып келеді. Соңғы 28 жылдан бері сайлау туралы заң бірнеше рет өзгертіліп, оған елді шексіз билеуге мүмкіндік берілген.

Халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Тәжікстанда бірде бір президент сайлауы ашық болған емес.

XS
SM
MD
LG