Ссылки доступа

Киевте банк бөлімшесін жарамын деп сес көрсеткен өзбекстандық екі айға қамалды


Киевтің Печер аудандық соты банк бөлімшесін жарамын деп үрей туғызған өзбек азаматы Сухроб Каримовты теракт ісі бойынша екі айға қамау жөнінде шешім шығарды. Бұл жөнінде Киев прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оған қарсы Украина қылмыстық кодексінің "теракт жасауға қауіп туғызды" деген бабы бойынша іс қозғалды.

Айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

3 тамызда 32 жастағы Өзбекстан азаматы Сухроб Каримов "Универсал Банк" бөлімшесіне кіріп, бомба жарамын деп қорқытқан. Ол өзіне БАҚ өкілдерін жіберуін талап еткен. Сонымен бірге 40 мың гривен (1,4 мың доллар) сұраған.

Сухроб Каримов "Бумеранг" және "Гром" арнайы операциясы кезінде ұсталған.

XS
SM
MD
LG