Ссылки доступа

Алматы облысында май құю станциясында жарылыс болды


Алматы облысында май құю станциясын соғып кеткен көлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні таңертең Есік қаласындағы май құю станциясында орын алған. Land Cruiser Prado көлігі көлемі төрт текшеметр газ құйылған ыдысты басып өтіп, жарылысқа әкелген. Екі көлік жанып кеткен.

1948 жылы туған Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі денесін 90 процент күйік алып, ауруханаға жеткізілді. 1990 жылы туған май құю станциясының операторы жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберген.

Жарты сағатта май құю станциясындағы өрт сөндірілген.

Станция жанындағы көп қабатты үйлер мен жеке үйлер зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG