Ссылки доступа

Лола Каримованың Голливудтағы үш зәулім үйі сатуға қойылды


Голливудта Лола Каримова-Тилляева мен оның күйеуі Тимур Тиллаевқа тиесілі үш бірдей зәулім үй сатуға қойылды.

Variety басылымының мәліметінше, үш вилланың жалпы құны 18,9 млн долларға бағаланып отыр.

Калифорния штаты Лос-Анджелестегі үйлердің әрбірінің көлемі 3277-ден 4429 шаршы метрді құрайды. Әрбір үй шамамен 6- 6,5 млн АҚШ доллары болады.

Лола Каримова-Тиллаева мен Тимур Тиллаев үш зәулім үйді 2014 жылы 16,1 млн долларға сатып алған. Бірақ олар бұл үйлердің бірінде тұрған емес. Жалға беріп келген.

"Тиллаев пен Каримова қазір Беверли-Хиллзде тұрады. Көлемі 48 000 шаршы метр зәулім сарайды олар 2013 жылы 33 млн долларға сатып алған" деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, отбасы Беверли-Хиллз, Париж және Швейцария арасында тұрады. Женевадағы үйді 47 млн долларға сатып алған.

XS
SM
MD
LG