Ссылки доступа

Бердімұхамедов "Түркімендердің рухани әлемі" деген жаңа кітап жазды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов түркімен халқының ұлттық дәстүрі, қағидалары жөнінде "Түркімендердің рухани дүниесі" деген кітап жазды. Бұл туралы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Мақалада кітаптың 12 бөлімнен тұратыны, "Түркіменстан - бейтарап мекені" деген ұран негізінде жазылғаны айтылған. Сонымен бірге "өмірдің көркемдігі", "жердегі береке", "тіршіліктің мәні", "ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы маңызы", "салауатты өмір сүру салты" және "еңбексүйгіштік пен қонақжайлылық" деген тақырыптар көтерілгені жазылған.

Агенттік хабарлағандай, кітап баспаханаға жөнелтілді және елдің Тәуелсіздік күніне орай президенттің арнайы сыйлығы болмақшы.

Бердімұхамедов осыған дейін дәрілік шөптер, арғымақ, шәй және басқа тақырыптарды қамтыған бая-аяғы 40-тан астам кітап жазған. Оның еңбектерінен үзінділер мемлекеттік телеарналарда тұрақты оқылып тұрады. Сонымен бірге президент кітабын қолына алғанда, маңдайына тигізіп, сүю салтқа айналған.

Бердімұхамедов Түркіменстанды 2006 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG