Ссылки доступа

Өзбекстанда балабақшалар ашылады


Өзбекстанда коронавирус пандемиясына байланысты жабылған балабақшалар қайтадан ашылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы елдің Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қайта ашылып, балалардың күнделікті өмір салтына, атап айтқанда, ойнау, дамыту, оқытуға қайтарамыз. Балалар үшін де, тәрбиешілер үшін де қауіпсіз шарты түзіліп, қосымша сақтық шаралар енгізіледі", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Өзбекстанда 16 наурыздан бастап коронавирус пандемиясынан барлық білім беру мекемелері карантинге жабылған.

Маусым айының ортасында эпидемиологиялық жағдай жақсы деген аймақтарда жекеменшік балабақша жұмысына рұқсат берілген болатын.

Өзбекстанда коронавирус 27 мыңнан астам адамнан табылып, 165 науқас көз жұмды.

XS
SM
MD
LG