Ссылки доступа

ФИФА қырғыз футболына 1,5 миллион доллар жәрдем бермек


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) пандемия дағдарысына байланысты футбол саласындағы шығындарды жабу және ұлттық федерацияны қолдау мақсатында 1,5 млрд доллар бөледі.

Аталған ұйымға мүше болған әрбір футбол федерациясына 1,5 миллион доллардан бөлінеді.

Қырғызстанның Футбол бірлестігі қаржының бір бөлігін ел чемпионатын қайта жандандыру үшін жұмсайтынын білдірді.

"Ақшаны алу үшін алдымен өтініш беру керек. Қаржы кезең-кезеңмен бөлінеді. 500 мың доллар қыздар футболына беріледі. Қалғаны федерация жетекшілігінің және атқару комитетінің шешімімен бөлінеді. Көбіне ұлттық құрама командалардың оқу, машығуына, Қырғызстанның футбол бойынша премьер-лигасын өткізуге және оған қатысатын командаларға қолдау көрсетіледі. Бұл қаржы қырғыз футболын сақтап, пандемиядан жеңіл шығуға жұмсалады", - деді Футбол бірлестігінің баспасөз хатшысы Адилет Керимбеков.

Өткен аптада Қырғызстанның футбол бойынша чемпионаты 7 тамызда жанданатыны хабарланған.

Қырғызстанда коронавирусқа байланысты енгізілген карантинге байланысты спорт жарыстарының бәрі 21 наурыздан бастап тоқтатылған.

Бұл Қырғызстанның футбол бойынша жоғарғы лигасы болып саналатын Қырғыз премьер-лигасының 1-турының ойындары жаңадан басталған мезгілге сәйкес келді.

Футбол клубтары 8 маусымнан бастап жаттығуға рұқсат алған. Бірақ әлі балалар және жасөспірімдер футболы тоқтап тұр.

XS
SM
MD
LG