Ссылки доступа

Дүниежүзілік банк пандемиядан кейін Орталық Азияда дағдарыс болады деп болжайды


Коронавирус пандемиясы Орталық Азия елдеріндегі адам капиталы сапасына және әлеуметтік-экономикалық дамуға қатты әсер етеді. Бұл жөнінде Дүниежүзілік даму банкінің баяндамасында айтылған.

Бұл елдерде халықтың жартысын студенттер мен жастар құрайды. Дағдарыс өсіп келе жатқан ұрпақтың табысына қауіп төндіреді. Зерттеу бойынша, жасөспірімдер арасында сауатсыздық артып келеді. Бұл қоғам өміріне белсенді араласу үшін оқу, жазу, есептеу сауатын қолдана алмайды деген сөз.

Пандемияға дейін де Орталық Азиядағы білім беру жүйесі тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарға білім алуда тең мүмкіндік беруде бірқатар проблемаға тап болған.

Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, орталықазиялық студенттер еуропалық қатарласынан 1,5 жылға қалып қойған. Экономикалық қауымдастық және даму (PISA) халықаралық бағдарламасының есебі бойынша, аталған аймақтың студенттері негізгі сауат бойынша төмен нәтиже көрсеткен.

PISA мәліметіне сәйкес, Қазақстанда кедей отбасынан шыққан балалар білімді замандастарынан бір жылға, Қырғызстанда 2,5 жылға қалып қойған.

Коронавирус пандемиясы білім беру саласына қатты соққы беріп жатыр, оның салдары он жылдан кейін байқалады дейді сарапшылар. Экономика саласының өзіне 44 млрд доллар шығын келтірген.

Дүниежүзілік даму банкінің басты эксперті Аиша Вауда бұл әлі пессимистік сценарий емес дейді.

Дүниежүзілік даму банкінің өкілдері аймақ билігі мектептерге ерекше көңіл бөлу керегін айтады. Әсіресе қашықтан оқу үшін мектеп оқушылары мен студенттерге жағдай жасау қажеттігін ұсынады.

XS
SM
MD
LG