Қайғылы оқиғадан әнші Бахром Гафури қайтыс болып, екеуі ауруханаға жеткізілген.
Әнші Бахром Гафури отырған "Ланд Крузер" көлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.
"Рудаки даңғылында шетел маркалы көлік қатты жылдамдықпен жүріп, КамАЗ-ды соғып кетті" делінген құқық қорғау органдары таратқан мәліметте.
Алдын ала мәлімет бойынша, "Ланд Крузер" көлігіндегі үш адам да масаң күйде болған.
Бахром Гафуридің достарының бірі Парвиз Ашуров әнші "Яккачинор" мейрамханасында үйлену тойына қатысқанын айтты.
"Бахром бірнеше ән айтып, 21.00 шамасында тойдан кеткен. Біз оған қалуды сұрадық. Бірақ ол үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп асығып кетті. Жарты сағаттан кейін мен оған қоңырау шалып, музыкалық бағдарлама жазғым келеді деді. Ол өзінің студиясына шақырған. Бұл соңғы сөйлесу болды", - деді Парвиз Ашуров.
Бахром Гафури Азаттықтың тәжік қызметіне берген соңғы сұқбатында коронавирус карантині кезінде жаңа ән жазғанын, күзге қарай жарыққа шығатынын айтқан.
Бахром Гафури 2011 және 2014 жылдары екі рет АҚШ-тың Big Music Awards сыйлығын иемденген.