Ссылки доступа

Ташкентте жұмыспен қамту жекеменшік агенттігінің директоры ұсталды


Ташкентте "International Job Organization – xususiy bandlik agentligi" жекеменшік агенттігінің директоры ұсталды. Бұл жөнінде ІІМ-нің тергеу басқармасы хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, агенттік басшысына "алаяқтық жасады, біреудің мүлігін алдап тартып алды" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

1993 жылы Қырғызстанда туған агенттік басшысы Ш.А. деген азамат адамдарды Халықаралық еңбек ұйымы арқылы Корея мен Еуропадан жұмыс тауып беремін деп ақша жинаған.

Бірақ 132 адамның әрбірінен 45 млн сум (4,5 мың доллар) жинаған компания ешкімді шетелге жұмысқа жібермеген. Тергеу басқармасы мәліметінше, агенттік алаяқтық жолмен адамдардан 550 мың доллар алған.

XS
SM
MD
LG