Ссылки доступа

Ташкентте тұтқындарға арналған карантин аймағы құрылады


Ташкент облысы, Зангиата ауданындағы әйелдер колониясы
Ташкент облысы, Зангиата ауданындағы әйелдер колониясы

Бұл жөнінде Өзбекстан ІІМ жанындағы Жазаны орындау мемлекеттік басқармасында өткен жиналыста мәлім болды.

ІІМ өкілінің хабарлауынша, таяу уақытта Ташкент облысы Ангрен ауданында 3 мың тұтқын сиятын карантин зонасы салынбақ.

Бұдан бөлек жазасын өтеп жатқандар арасында COVID-19 вирусын жұқтырғандарды емдейтін арнайы санитарлық орталық салынбақ.

– Жиналыс кезінде тұтқындарға арналған COVID-орталығын құру үшін 300 млн сум, 4 оттегі баллон, 60 дана пульсоксиметр және бірнеше өкпені жасанды желдету аппараты бөлінетіні хабарлады. Сонымен бірге донорлық дәне бюджеттік ақшадан коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер сатып алынады, – деді ІІМ өкілі.

Қазір Бұхара облысындағы "Каравулбазар" ауданындағы түрмедегі 70 адам вирус жұқтырды деген күдікпен карантинге алынған. Сонымен бірге Ташкент облысындағы "Таваксай" ауылындағы колонияның 20 қызметкері де карантинге жатқызылған.

Қазір карантинге алынған зоналарда туыстарынан зат, азық-түлік алуға уақытша тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG