Бюджет қызметкерлеріне тесттің бағасы 100 манат (28,5 доллар) екенін ескерткен.
"Бірақ дәрігерлерге егер коронавирус табылса, анықтама қағазына жазбауын, бөлек тізім жасап, үкімет өкіліне жеткізіп отыруын тапсырған", - дейді тілші медицина қызметкерінің сөздеріне сілтеме жасап.
Соңғы аптада Түркіменстанға ДДСҰ және Араб елдерінен гуманитарлық көмек жеткізілген.
Ресми емес ақпараттар бойынша, бұл өңірде соңғы кезде өлім-жітім көбейіп кеткеніне қарамастан, түркімен билігі вируспен ауырғандар анықталмады деп келеді.