Ссылки доступа

Бішкекте өзбекстандық журналист Бобомурод Абдуллаев ұсталды


Бобомурод Абдуллаев.

9 тамызда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өзбекстандық журналист Бобомурод Абдуллаевты ұстады.

10 тамызда Бірінші май аудандық сотында оны қамауға алу бойынша іс қаралады. Бұл мәліметті оның адвокаты Тимур Карабаев айтты.

"Интернетте «Усман Хакназаров» деген атпен танымал Абдуллаев "Өзбекстандағы конституциялық құрылымды өзгертуге шақырған мақалалары жарияланған" деген күдікпен 2017 жылы 27 қыркүйекте Ташкентте арнайы қызмет тарабынан ұсталған. 2018 жылдың мамыр айында оны шартты түрде бір жарым жылға соттаған.

Бірқатар мәлімет бойынша Абдуллаев кейін басқа қылмыстық іс бойынша айыпталып, оған іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG