Беларусь билігі бұл сайлауға халықаралық бақылаушыларды және демократиялық талаптардың жүзеге асуын бақылайтын еуропалық ұйымдардың өкілдерін қатыстырған жоқ.
Елде сайлау өтті деп есептелінді. Ресми мәлімет бойынша сағат 18:00-ге қарау дауыс беруге сайлаушылардың 79 проценті келген. Сайлаудың ресми қорытындысы 10 тамызда жарияланады.
Елдегі белсенділер өздерінің экзит-полын жариялады. Оған сәйкес, Тихановская 70%, Лукашенко 10% дауыс алған.
7 тамызда Беларусьта "Настоящее время" телканалының үш журналисі ұсталып, елден шығарылды. 9 тамызда Минскте "Дождь” телеканалының қызметкерлері де ұсталып, кейін босатылды.
Беларусьта Александр Лукашенконың тағы бір мерзімге сайлануына қарсы акция өтті. Көшеге мыңдаған адам шықты.
Елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан 65 жастағы Александр Лукашенко бұл жолы да сайлауға қатысып жатыр. Оның негізгі қарсыласы қарапайым мұғалім Светлана Тихановская. Ол күйеуі, оппозициянер Сергей Тихановскийді үміткер болуға жеткізбей қамауға алғаннан кейін саясатқа баруға шешім қабылдаған.