Ссылки доступа

Тәжікстанда жаңа босанған әйелдің өлімі тексеріліп жатыр


Файзабад ауданында босанар кезде көз жұмған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлер кінәлі дейді.

30 жастағы Фарида Шарифова 16 шілдеде перзентханада қайтыс болды. Бұл істі қазір прокуратура тексеріп жатыр.

Туыстарының айтуынша, Фарида Шарифова таңғы 7-лер шамасында ауруханаға толғатып барған. Бір сағаттан кейін қайтыс болған. Оған тууды тездететін дәрі берген.

Дәрігерлер болса, әйелдің жүрек ауруынан қайтыс болғанын айтады.

ДДСҰ мәліметі бойынша, Тәжікстанда жыл сайын 24 мың әйел бала туу кезінде қайтыс болады.

XS
SM
MD
LG