Ссылки доступа

Халықаралық донорлар Ливанға көмектесуге уәде берді


Порттағы жарылыстан қатты зардап шеккен Бейрут қаласының тұрғындары жексенбі күні де наразылыққа шықты. Сол күні халықаралық саммитке жиналғандар Ливанға көмектесу үшін қаражат жинап жатқанын жариялады.

БҰҰ-ның есебі бойынша, Ливан үкіметіне 4 тамызда Бейрутте болған жарылыс салдарын жою үшін 117 миллион доллар көмек керек. Жарылыстан 160-тан астам адам қаза тапты, мыңдаған адам жараланды, 300 мыңнан астам адам далада қалды.

Франция президенті Эммануэль Макрон және БҰҰ халықаралық онлайн-конференция өткізіп, Ливанға көмектесу мәселесін талқылады. Ондаған мемлекет Бейрутке көмектескісі келетінін жеткізді.

Ливан билігі жарылыс шығыны 15 миллиард доллар болғанын хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, портта бірнеше жыл жатып қалған аммиак селитрасы жарылған. Тұрғындар саяси элитаның салақтығына наразы екенін ашық айтып жатыр.

XS
SM
MD
LG